Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, «С.Д. атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ҚР ДСМ және «Ішек ауруларын зерттеу жөніндегі Қазақ ғылыми қоғамы» ҚҚ ұйымдастырды.
Форумға ІҚА-мен ауыратын науқастарды емдеуге тартылған түрлі мамандықтағы 300-ден астам дәрігер қатысты.
Ғылыми сессиялар барысында «ІҚА этиопатогенезінің заманауи тұжырымдамасы», «ІҚА негізгі терапиясы», «Орташа және жоғары белсенділігі бар пациенттер менеджменті», «ІҚА және асқынуларды ерте диагностикалаудағы заманауи технологиялар», «Пәнаралық өзара әрекеттесу – ҚР тәжірибесі» сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.
Іс-шара аясында Қазақстан, Ресей және Украина спикерлері сөз сөйледі, онлайн көрме ұйымдастырылды және қызығушылық тудыратын сұрақтар қою мүмкіндігі болды.
«ІҚА негізгі терапиясы» ғылыми сессиясы өз форматымен қызықты болды, Ларюшина Елена Михайловна, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Қарағанды медициналық университетінің ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, және Хамзина Сауле Сансызбайқызы, Колопроктология және хирургиялық инфекция орталығының хирург-колопроктологы, Нұр-сұлтан қаласының әкімдігінің «№1 Көпбейінді қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК гастроэнтеролог және колопроктолог консилиумын ұйымдастырды, ІҚА бар пациентті емдеукезінде жиі туындайтын мәселелері қарастырылды.