Біз зерттеу күшіне сенеміз
Ferring компаниясының қызметкерлері зерттеулердің шексіз мүмкіндіктеріне сенеді және дәл ғылыми тәжірибе мен перспективалық зерттеулер жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенеді.
Ferring негізгі құралдары жаңа терапиялық молекулаларды іздеу мен зерттеуге, зерттеу орталықтарын құруға инвестиция салады.
Пептидті молекулалар, тиімді технологиялар өндірісіне негізделген Ferring компаниясы әзірлеген өнімдер негізгі терапиялық салаларда жетекші орынға ие: қосалқы репродуктивті технологиялар, онкология, урология, гастроэнтерология және эндокринология.
Ferring қызметкерлері төмендегінің есебінен өзінің көшбасшылық ұстанымдарын сақтауға тырысады:
∙ биотехнологиялық әдістермен синтезделетін жаңа пептидті препараттар мен молекулаларды (рекомбинантты ақуыздар және басқа да биопрепараттар) әзірлеу;
∙ ең заманауи және перспективалық технологияларға инвестициялау;
∙ нақты медициналық қажеттіліктерге қолданыстағы пептидті препараттарды бейімдеу және түрлендіру;
∙ пациенттерге неғұрлым ыңғайлы дәрілік препараттарды жеткізудің тиімді жүйелерін әзірлеу.
Ferring компаниясының әлемнің әр түрлі елдерінде тоғыз зерттеу орталығы бар, оның ішінде Копенгагенде (Дания), Парсиппани (АҚШ), Глазго (Шотландия), Беэр-Тувияда (Израиль), Базеле (Швейцария) және Мумбайда (Үндістан) өнімдерді әзірлеу бойынша алты зертханасы бар.
Негізгі ғылыми зерттеулер мен әлеуетті жаңалықтар Копенгагенде орын алады. Копенгаген мен Парсиппаниде орналасқан орталықтарда инновацияларды енгізу және жаңа молекулаларды әзірлеу жүргізілуде.