Ferring компаниясында жұмыс жасау
Ferring компаниясының өкілдіктері әлем бойынша 5000-нан астам адамды жұмыспен қамти отырып, 60 елде жұмыс істейді, ал өндіретін препараттары 110-ға жуық елдің фармацевтикалық нарығында бар. Біздің қызметкерлеріміз үшін біз жұмыс жасауға жағымды атмосфера қалыптастыруға тырысамыз.
Біздің қызметкерлеріміздің барлығы компания мен әріптестерінен келесілерді күтуге құқылы:
• құрметтеу, қолдау және атсалысу;
• қауіпсіз және қолайлы жұмыс жасау жағдайлары, уәждеме туғызатын және талапқа сай лайықты сыйақы;
• қателік жасау және онысын қорықпай мойындау мүмкіндігі;
• барынша ашық және шыншыл қарым-қатынас;
• әріптестер тарапынан өздерінің абыройларына нұқсан келтірмейтін әділетті қарым-қатынас;
• компания мен оның өкілдіктеріне сенімі мен құрметін нығайта түсетін әрекеттер.
Біз мұндай атмосфераның мағынасын төрт ауыз сөзбен білдіруге тырысып көрейік:
“ Ferring үшін бастысы – адамдар”.